Мадридте Түркия мен АҚШ президенттері кездесті

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Мадридте НАТО саммиті аясында америкалық әріптесі Джо Байденмен кездесті.

«Анадолуның» хабарлауынша, Ердоған Анкара теңдестірілген саясат арқылы «астық дәлізі» мәселесін шешу үшін жұмыс істеп жатқанын мәлімдеді. Мемлекет басшысы бұл бағыттағы жұмыс нәтиже оң болатынына үміт білдірді.

Өз кезегінде Байден түрік көшбасшысына украин астығын шығаруды қамтамасыз етуге күш-жігерін, сондай-ақ Швеция мен Финляндияның НАТО-ға кіру туралы өтінішін қолдағаны үшін ризашылығын білдірді.

Добавить комментарий