Мадагаскардың 57 жастағы полиция басшысы — Сергей Гелле құрлыққа 12 сағат бойы жүзіп жетті. Ауруханаға барар жолда өлуге әлі ерте екенін айтты.
Гелле құтқару операциясы кезінде болған ұшақ апатынан аман қалды, деп хабарлайды Sky News.
Телеарнаның хабарлауынша, министр мінген тікұшақ 21 желтоқсан күні кешке Мадагаскар жағалауында жолаушылар кемесі апатқа ұшырауына байланысты ұйымдастырылған құтқару операциясы кезінде құлаған, — қайғылы оқиға елдің солтүстік-шығысында орын алған, 64 адам қаза тауып, 24 адам хабар-ошарсыз жоғалды.
Гелле жағалауға 12 сағат бойы жүзіп келгенін айтты. Онымен бірге қауіпсіздік қызметіндегі көмекшісі болды.
«Маған өлуге әлі ерте», — деді министр ауруханаға барар жолда.
Министрдің айтуынша, ол жүзу құралы ретінде тікұшақтың орындықтарының бірін пайдаланған. Бұл оның суда ұзақ уақыт жүзіп келуіне және жағалауға жетуіне септігін тигізген. Қазір Гелле қайғылы оқиғадан кейін есіне жинап жатыр.
Мадагаскар президенті Андри Радзуэлина Twitter-де қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтты, сондай-ақ Махамбо теңізінен қалаға дейін жүзіп келген министр мен офицерге құрмет көрсетті.