Маас Германия Ресейге санкция енгізуі мүмкін деп мәлімдеді

Германия ресейлік оппозиционер Алексей Навальныйдың улануына байланысты газ құбырына қатысты Ресейге санкция енгізе алатыны белгілі болды.

Германияда Алексей Навальныйға қатысты жағдайына байланысты Солтүстік ағын-2 құрылысын тоқтата тұру мүмкіндігін қарастыруда. Бұл туралы ГФР СІМ басшысы Хайко Маас телеарна эфирінде мәлімдеді.

Ол жоба бойынша шешім Ресейге байланысты болатынын атап өтті.

«Біз барлық нұсқаларды күн тәртібіне шығарып, тиісті уақытта шешім қабылдаймыз… Ресей тергеуге қатыса отырып, мұндай шешімнің қабылданбауына үлес қоса алады», — деді Хайко Маас.

«Санкциялар қолданылмайтын болса, онда ешқандай енгізудің қажеті жоқ деп айтуға болмайды. Кейде шара қолдану керек, сол арқылы біз ережесіз әлемде өмір сүргіміз келмейтінін          айтамыз», — деп толықтырды сыртқы істер министрі.

Бұған дейін Маас Навальныйдың Солтүстік ағын-2 мәселесіне қатысы жоқ деп мәлімдеген болатын, сондай-ақ БАҚ мәліметінше, ГФР канцлері Ангела Меркель шешімді Берлин емес, ЕО қабылдауы тиіс деп санайды.

Добавить комментарий