Маңызды! Астанада және облыстағы жол учаскелерінда көлік қозғалысы тоқтатылды

Жүргізушілердің назарына! Ақмола облысында қолайсыз ауа райына байланысты Астанадан шығатын барлық жолдар жабылды.

Сағат 23:20-да республикалық маңызы бар Астана-Петропавл автожолында көлік құралдарының барлық түрлері үшін 18-234 шақырым, Астана қаласынан Щучинск қаласына дейінгі учаскеде көлік қозғалысы жабылды.

Сағат 23:30-да республикалық маңызы бар Екатеринбург — Алматы автожолының Жібек жолы ауылынан (Ақмола облысы) Қарағанды облысының шекарасына дейінгі учаскесінде (1292-1353 шақырым) барлық көлік құралдары үшін қозғалыс жабылды

Добавить комментарий