Маңғыстаудағы West Oil Software компаниясының Жетібай кен орнындағы екі айдан астам уақытқа созылған жүргізушілердің ереуілі жалғасуда. Ереуілдің салдарынан шамамен 1 млрд теңгеге шығынға ұшырады және жұмыс беруші ереуілшілерді жұмыстан шығару мәселесін қарастыруда.
Ереуілшілердің компанияны «ҚазМұнайГаз» құрамына енгізуді және «ҚазМұнайГаз» еңбекақы төлеу жүйесімен теңестіруді талап етуде. Бұған жауап ретінде «ҚазМұнайГаз» ең төменгі жалақы 380 мың теңге, орташа 735 мың теңге және ең жоғарғы 890 мың теңге екенін айтып отыр.
«ҚазМұнайГаз» АҚ ереуіл басталғаннан бері 1 миллиард теңгеден астам шығын келтірілгенін, күніне 23 миллион теңге мөлшерінде қаржылай шығынға ұшырап отырғанын мәлімдеді. Жұмыс беруші еңбекақы төлеу және әлеуметтік төлемдер бойынша өз міндеттемелерін орындап жатқанын айтып отыр.
Келтірілген залал мен ереуілдің ұзақтығы тұрғысынан жұмыс беруші заңнамаға сәйкес қатысушыларды жұмыстан босату туралы мәселесін қарастыруда. Компания мәлімдемесінде қалыптасқан жағдайды шешу үшін диалог орнатуға және ереуілді тоқтатуға шақырып жатыр.