Маңғыстауда туризмді дамыту үшін көп көлемде инвестиция тарту жоспарлануда

Қазақстанда туризмді дамытуға қолайлы облыстардың бірі Маңғыстау облысы болып табылады. Барынша көп туристерді тарту үшін инвестиция көлемін арттыру қажет.

«Маңғыстау облысы Қазақстанның туризмді дамытуға қолайлы ТОП-10 аймақтың қатарында. Ағымдағы жылы туристік инфрақұрылымды дамытуға 400 млрд-тан астам инвестиция тарту жоспарлануда. «Осылайша, курорттық аймақты дамытудың 2 кезеңі басталды», — деді өңір тұрғындарына онлайн форматта есеп берген облыс әкімі Серікбай Трұмов.

Жалпы, 2021-2024 жылдар аралығында туризм саласында 2590 жұмыс орны құрылатын 12 жоба іске асыруға жоспарланған. Оның ішінде биыл 500 астам жұмыс орны ашылатын 6 жоба өз жұмысын бастайды. 4 жоба «Жылы жағажай» аумағында іске асырылады. Ал, Түпқараған ауданында «Сартас» визит-орталығын салу да көзделуде.

2021 жылы Маңғыстау облысында 322,4 млрд теңгеге 20 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарлануда. Бұл 1800-ден астам адамды жұмыс орнымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Добавить комментарий