Маңғыстауда нөсер жауын салдарынан мектепте сабақ тоқтатылады

Маңғыстауда жекеменшік мектептер мен балабақшалар нөсер жауын салдарынан сабақ тоқтатылатынын жариялады.

Балалар онлайн форматта қашықтан оқитын болады.

Жаңаөзенде жауын-шашынның салдарымен күресуде

Маңғыстау облысында 6 мамырға қараған түні қатты жауған нөсер жаңбырдан кейін өңірде төрт мектеп пен бір балабақша су астында қалды.

Сол себепті мектептерде сабақтар онлайн-форматқа ауыстырылды, деп хабарлады облыстың білім басқармасы.

«2022 жылғы 5 мамырда қатты жаңбырдан кейін мектепке бара алмай қалғанына байлагысты Жаңаөзен қаласының Рауан кентінде орналасқан №22 жалпы білім беретін мектепте, №9, 21, №23 мектептерде, сондай-ақ Рахат ауылындағы №12 балабақшада оқу процессі уақытша онлайн-форматқа ауыстырылды», — делінген басқарма хабарламасында.

Сонымен қатар, Қарақия ауданының Бостан ауылында орналасқан Қарақұдық мектебінің оқушылары онлайн-форматқа көшірілді.

Жаңаөзен қаласының әкімдігі 5 мамырда жаңбыр суын сору үшін 12 арнайы техника жұмылдырылғанын хабарлады.

Жұма, 6 мамыр күні қалада суды сору үшін 19 «Өзенмұнайгаз» және 2 «Өзенмұнай Инвест», 6 «Өзенмұнай сервис», 3 «Бұрғылау» және 4 төтенше жағдайлар департаменті арнайы техникасы шығарылған.

Жаңаөзен әкімдігі атап өткендей, бірінші кезекте әлеуметтік нысандарда жаңбыр суын сору жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, көше ағындарынан су алу және ағынды суларды топырақпен жабу жұмыстары жүргізілуде.

Добавить комментарий