Полицейлер Маңғыстауда заңсыз ауланған 120 келіден асатын бекіре балығы «Лада 2112» маркалы автокөлігінің багажынан табылды.
Оқиға «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізу кезінде орын алды. 26 жастағы азамат ұсталды, ал тәпкіленген балық «Kazakh Osetr» компаниясына берілді.
Аталған дерек ҚР ҚК-нің 339-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Маңғыстау облысы ПД патрульдік полиция ротасының қызметкерлері табиғатты қорғау полициясымен бірлесіп қылмыскерді ұстады.