Маңғыстау облысында әйел жалған доллар купюраларын өткізгені үшін 5 жыл түрмеге қамалды. Қылмысты ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Маңғыстау облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері ашты. Қызметкерлер жалған ақшаны сақтау және өткізу фактісі бойынша Маңғыстау ауылының тұрғынына қатысты қылмыстық істі тергеді.
«Тергеу барысында айыпталушы 2020 жылдың басынан бері 1500 АҚШ доллары сомасындағы ақшалай қаражаттың жалған екенін біле тұрып, оны 1 000 АҚШ доллары сомасындағы қарызын өз таныстарына қайтарғаны анықталды. Қалған 500 АҚШ долларын Мұнайлы ауданының Маңғыстау ауылында орналасқан банк кассасының айырбастау пунктінде айырбастамақ болды», — деді құқық қорғау органдарынан.
Маңғыстау облысы Мұнайлы аудандық сотының үкімімен ауыл тұрғыны ҚР ҚК 231-б. 2-б. 2-т. бойынша көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 5 жылға бас бостандығынан айырылды.