Маңғыстау облысында жануарларды жолдан қайтаратын электр қоршаулар орнатылды

Маңғыстау облысында жануарларды жолдан қайтаратын арнайы қоршаулар орнатылды.

Жануарларды ток күшімен қайратаын болады.

«Электр бақташы» — ультрадыбыстық құрылғылар, ол тоқпен қоршалған.

«ҚазАвтоЖол» өкілі атап өткендей, бұл құрылғы жануарларға қауіп төндірмейді (тоқ ккүші шамамен 12 вольт).

Орнатылған құрылғының ұзындығы 25 шақырым: «Доссор — Құлсары — Бейнеу — Сайөтес — Шетпе — Жетібай — Ақтау а/ж 3 шақырым; жалпы ұзындығы 22 шақырым Жетібай — Жаңаөзен тас жолының учаскелерінде орнатылды», — деп хабарлады «ҚазАвтоЖол» АҚ баспасөз қызметі.

2021 жылы үй жануарларының 14 муляжы (түйе, жылқы) мен 13 мың метр жол қоршаулары орнатылған.

«Доссор — Құлсары — Бейнеу — Сайотес — Шетпе — Жетібай — Ақтау тас жолының (673-674 шақырымы) — 400 метр, (709 шақырымы) — 2200 метр, (729 шақырымы) — 400 метр, (738 шақырымы) — 422 метр және Бейнеу — Ақжігіт — Өзбекстан шекарасына орнатылған. Муляждар жүргізушілерге жануарлардың кенеттен жолға шығып кетуі мүмкін екенін еске салуға арналған», — деп хабарлады «ҚазАвтоЖол» АҚ баспасөз қызметі.

Биыл Ман-Ата, Беки, Жармыш жолдарының басқа учаскелері осы жұмыстармен қамтылатын болады.

Добавить комментарий