Маңғыстау облысындағы теміржолшылар жалақыны көтеруді талап етіп отыр. Олар ереуілге шығып, басшылыққа өз талаптарын қойды.
Бастамашыл топтың жалақыны 100%-ға көтеру туралы талаптарын Компания қаржылық қаражатының жоқтығынан орындай алмайды. «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның кірістері негізінен белгіленген тарифтер есебінен қалыптастырылады. Бұрын хабарланғанындай, өткен жылы алынған барлық пайда жалақыны көбейтуге бағытталды.
Хабарланғандай, компания өз қызметкерлерімен ашық диалог жүргізеді және жағдайды реттеу үшін заң шеңберінде барлық мүмкін болатын шараларды қабылдайды.
Баспасөз қызметінен атап өткендей, ақпан айынан бастап Компания ПЧ-12 (Бейнеу жол дистанциясы) мәселелерін шешумен айналысуда. Ағымдағы жылдың сәуір айында татуластыру комиссиясы құрылып, оның шеңберінде қызметкерлердің бірқатар заңды талаптарын қанағаттандыру бойынша шаралар қабылданды.
Темір жол штаттық режимде жұмыс істейді.