Маңғыстау облысында сыбайлас жемқорлық қылмыс саны 2 есеге артты

Маңғыстау облысында сыбайлас жемқорлық қылмыс саны екі есеге артқаны байқалады.

Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің алдын алу қызметінің басшысы Саяна Ахметжанованың жұмыс сапары барысында белгілі болды.

Агенттіктің аумақтық департаментінің басшысы Әділхан Әшірбаев өңірдің лауазымды тұлғаларының қатысуымен өткен отырыста өңірдегі жемқорлық фактілері туралы айтып берді.

«Биыл өңірдегі сыбайлас жемқорлық қылмыс саны екі есеге артты. Қылмыс құрылымындағы парақорлықтың үлесі жылдан жылға артып келеді», — деп атап өтті баяндамашы.

Сыбайлас жемқорлық үшін 21 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оларға 25 млн теңге айыппұл салынды.

Облыс әкімі Нұрлан Ноғаев кез келген заңсыз әрекеттің жолын кесу қажеттігін мәлімдеді.

«Бюджет есебінен салынып жатқан объектілер сапалы тұрғызылып, олардың белгіленген мерзімде тапсырылуы, адамдардың ауыз сумен және сапалы жолмен қамтамасыз етілуі маңызды», — деді Нұрлан Ноғаев.

Добавить комментарий