Маңғыстау облысында адам өліміне алып келген жол-көлік оқиғасы болды

Маңғыстау облысында Қарақия ауданында бес адамның өмірін қиған жол апаты болды.

16 қыркүйекте түнде Жетібай ауылына қарай, Қарақия ауданының тасжолында Lexus LX 470 көлігі аударылып кетті.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің мәліметінше, көлікті 27 жастағы қыз басқарған. Ол оқиға орнында қайтыс болды.

Сонымен қатар, 1966 жылы туған жолаушы қаза тапты.

Қаза тапқан үшінші адам — 31 жастағы Жаңаөзен қаласының тұрғыны. Ол жүктілігінің 27 аптасында болған. Сонымен қатар, 1964 және 1967 жылдары туған ер адамдар қайтыс болды, — делінген хабарламада.

2011, 2012 және 2019 жылдары туған үш бала Жетібай аудандық ауруханасына жеткізілді.

Дәрігерлер ауруханаға жатқызылғандардың жағдайы қандай екенін айтты

Зардап шеккендерге жабық бас сүйек-ми жарақаты, маңдай мен шынтақ буыны жарақаты, білек сүйегінің сынуы, травматикалық шок диагнозы қойылды.

«Дәрігерлер екі баланың жағдайын тұрақты ауыр, ал үшіншісінің жағдайы орташа ауыр деп бағалап отыр», — деп нақтылады баспасөз қызметі.

Фото: Маңғыстау облысында жантүршігерлік жол апаты болды: бес адам ажал құшты

2013 жылы туған тағы бір кәмелетке толмаған бала жансақтау бөлімінде жатыр.

«Оның жағдайы өте ауыр деп бағаланады. Оған геморрагиялық ми жарақаты, II дәрежелі ми комасы, ІІ дәрежелі травматикалық шок диагнозы қойылды. Ол ӨЖЖ аппаратына қосылған», — делінген хабарламада.

Добавить комментарий