Маңғыстау облысы: мұнайшылар жалақыны өсіруді талап етті

Маңғыстау облысында мұнайшылар жалақыны көтеруді талап етіп отыр. Бірнеше компанияның қызметкерлері бір уақытта ереуілге шықты.

«Желіде «Oilfield equipment and service» (OES) ЖШС және Жаңаөзендегі «Ақтау Мұнай Сервис Компаниясы»(АМСК) ЖШС, сондай-ақ Маңғыстау облысындағы басқа да кен орындары компаниялары қызметкерлерінің бейнеүндеуі жарияланды. Видеода жұмысшылар жалақыны көтеруді және жұмыс орындарында тамақтануды ұйымдастыруды талап етті. Сонымен қатар, жұмысшылар Тәуелсіздік күні мен Мұнайшылар күніне орай сыйақы беруді, сондай-ақ 13-інші жалақы төлеуді талап етті. Бұдан бөлек, жұмысшылар видеода көбісімен ресми келісімшарт жасалмағанын мәлімдеді», — делінген хабарламада.

Айта кетейік, өңірде мұнай-газ саласының түрлі компаниялары қызметкерлерінің наразылығы соңғы айларда жиілеп кетті.

Добавить комментарий