Қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану арқылы ауыр залал келтірді деген күдікпен Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары ұсталды.
Ғалымжан Ниязовқа қатысты бұлтартпау шарасы таңдалды. Ол екі айға қамауға алынды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Ғалымжан Ниязов сұйытылған мұнай газын жеткізуге жетекшілік еткен.
1 қаңтарда Маңғыстау облысында сұйытылған газдың бағасы литрі үшін 60 теңгеден 120 теңгеге дейін көтерілді. Осыған байланысты Жаңаөзен мен Ақтау қаласының тұрғындары митингіге шығып, бағаны төмендетуді талап етті. Нәтижесінде үкімет комиссиясы белсенділермен кездесіп, газ бағасы 50 теңгеге дейін төмендететінін жариялады.