Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланды деген күдікпен ұсталды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы басшыларының бірінің ұсталғанын растады.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Биғайдаров өңірде сотқа дейінгі тергеу басталғанын, алайда күдіктінің атын тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды деп хабарлады.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасының басшылығына қатысты облыс аумағында COVID-19 инфекциясының таралуына жол бермеу бойынша бөлінген ақша қаражаты шеңберінде медициналық жабдықтарды сатып алу кезінде лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде. Басшылардың біріне қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалды. Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды», — деді Данияр Биғайдаров.

“Чиновник kz” Telegram-арнасының хабарлауынша, бұл 2020 жылдың мамыр айында елдегі төтенше жағдай кезінде денсаулық сақтау басқармасының басшысы болып тағайындалған Жамал Жаманбаеваны ұсталғаны туралы сөз болып отыр.

Добавить комментарий