Маңғыстау: мұнайшылар жалақыны көтеруді талап етіп отыр

Маңғыстау облысында мұнайшылары наразылық шарасына шықты. Бағаның өсуіне байланысты тұрмыстық жағдайы төмендегенін айтып, жалақыны 70%-ға көтеруді талап етіп отыр.

«Емір-Ойл» ЖШС жұмысшылары ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа бейнеүндеу жолдады.

Мұнай өндіру компаниясының жұмысшылары өз талаптарын қойған бейнеүндеуді 31 шілде күні түсірген.

«Бағаның өсуіне байланысты тұрмыстық жағдайымыз нашарлады, осыған байланысты жалақымызды 70%-ға көтеруді сұраймыз. Біз 1 шілдеде жадақыны көтеруді сұрап талап еткенбіз, бірақ бізге жалақы тек 10%-ға өсіреміз деп жауап берді. Облыс әкімдігінен еш жауап жоқ. Осыған орай еңбекақымыздың 70 пайызға өсуі мен еңбек жағдайымыздың жақсаруына өзіңіз ықпал етіп, оң шешімін табасыз деп сенеміз», — деді видеода мұнай өндіруші компанияның жұмысшылары.

2019 жылы «Емір-Ойл» ЖШС жұмысшыларының бейнеүндеуінен кейін олардың жалақысы 10%-ға көтерілген еді.

Добавить комментарий