Маңғыстау: Энергия кәсіпорындарының басшылары ҰҚТ құрды

Ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшелері Қазақстанның энергетикалық кешеніне 500 млн теңгеден астам зиян келтірді.

ҚР ҚМ ҚМК Маңғыстау облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті облыстың бірқатар энергетикалық кәсіпорындарының басшылары мен лауазымды тұлғаларынан құралған қылмыстық топ мүшелеріне қатысты қылмыстық істі тергеді.

Тергеу барысында ҰҚТ мүшелері өткен жылдың наурыз-қазан айлары аралығында энергетика саласында арнайы білімі бар тұлғаларды пайдалана отырып, есепке алу шиналарында Мұнайлы ауданы мен Жаңаөзен қаласындағы қосалқы станцияларда кернеулі және тоқ есепке алу тізбектерін тұйықтап отырғаны анықталды.

«Маңғыстауэнерго» МКК директоры бұған көмек көрсеткен деп хабарланды.

«МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС, «Маңғыстауэнерго» МКК, «Өзенэнергосервис» МКК және басқа да тұлғаларға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің жеті бабы бойынша іс қозғалып, сотқа жіберілді (ҰҚТ құру және оған қатысу, бопсалау, рейдерлік, аса ірі көлемде салық төлеуден жалтару, аса ірі көлемде бюджет қаражатын ұрлау, қылмыстық жолмен алынған мүлікті заңдастыру және қызмет бабын асыра пайдалану). Барлығы тоғыз адам айыпталуда, — деп хабарлады ЭТБ.

ҰҚТ мүшелері келтірген залалдың жалпы сомасы 500 млн теңгені құрады. Залалды өтеу мақсатында 110 млн. теңгеден астам сомаға айыпталушылардың мүліктері мен банк шоттарына тыйым салынған.

Добавить комментарий