Мәжіліс депутаттары Орал қаласындағы әлеуметтік нысандар құрылысының барысын тексеріп, жұмысты уақытылы аяқтаудың және пайдалануға берудің маңыздылығын атап өтті.
Оралда мәжілісмендер Шавхат Өтемісов пен Снежанна Имашева «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша салынып жатқан тоғыз қабатты тұрғын үйдің құрылыс алаңында болды. Нысанды ағымдағы жылдың соңына дейін тапсыру жоспарланып отыр. Мәжілісмендер құрылыс жұмыстарының сапасы мен қарқынын атап өтті. Құрылысшылармен әңгімелесуде әлеуметтік инфрақұрылым, тұрғын үй аумағын абаттандыру және көгалдандыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Бұған дейін техникалық және авторлық қадағалау қызметтерінің қызметіне қатысты айтарлықтай наразылықтар болған еді. Кейіннен мемлекеттік сатып алу және тұрғын үй құрылысы туралы заңнамаға енгізілген өзгерістер осы қызметтердің жауапкершілігін арттыруға мүмкіндік берді, — деп атап өтті мәжілісмен Шавхат Өтемісов.
Депутаттар жергілікті атқарушы органдармен пәтер бөлу кезінде ашықтықты қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті. Парламент депуттарының пікірінше, әрбір үміткердің интернет арқылы өз кезегінің ілгерілеуін өз бетінше қадағалай алуы маңызды. Бұл сыбайлас жемқорлықты жоюға мүмкіндік береді, деп есептейді олар.
Шавхат Өтемісов пен Снежанна Имашева облыс орталығындағы 900 орындық № 51 мектептің құрылысында болды, Мәжіліс депутаттары әсіресе коронавирус пандемиясы кезінде балаларды оқытуды ұйымдастыру мәселелері ел басшылығының үнемі бақылауында екенін атап өтті. Облыстық білім басқармасының өкілдері қала мектептерінің жаңа оқу жылына дайындығы туралы айтты. Проблемалық мәселелердің бірі — сапалы интернетпен қамтамасыз ету.
Осы мәселелердің барлығын Үкіметке жолдаймыз, — деп сендірді Снежанна Имашева.
Сонымен қатар, депутаттар Мәскеу және Шолохов көшелеріндегі айналма қысымды кәріз коллекторын қайта жөндеуден өткізіп жатқан жұмысшылармен кездесті. Мердігерлер айтуынша, бүгінгі таңда құрылыс материалдарын толық сатып алу жүргізілді. Қаланың маңызды тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысандарының біріндегі жұмыстар жоспарлы режимде жүргізілуде.
Мәжіліс депутаттарының өңірлердегі жұмысы жалғасуда.