Мәжіліс Президент Жолдауын жүзеге асыру бойынша заң жобаларын қарайды

Мәжіліс Бюросының отырысында Палата Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен депутаттардың алдағы жалпы отырысының күн тәртібінің жобасы жасақталды.

Бірінші оқылымда Мәжіліс «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Конституциялық заңға Конституциялық түзетулер жобасын, сондай-ақ Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауының жекелеген ережелерін іске асыру мәселесі бойынша бірқатар заңнамалық актілерге толықтырулар енгізуді талқылайды.

Палатаға туристік қызмет мәселелері бойынша, норма шығармашылығын жетілдіруге қатысты заңнамалық түзетулерді, сондай-ақ адвокаттық қызмет пен заң көмегіне қатысты депутаттық заң жобаларын бірінші оқылымда қарау ұсынылады.

Бірінші оқылымда депутаттар әзірлеген ауыз сумен жабдықтауды субсидиялау бойынша орталық және жергілікті мемлекеттік органдар арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша заң жобасы қаралады . Жалпы отырысқа дене шынықтыру мен спортқа қатысты заңнамалық түзетулер енгізілді.

Күн тәртібінің жобасы Мәжіліс депутаттары екінші оқылымда қарайтын экологиялық заң жобаларын қарайды. Бұл Экологиялық кодекстің ілеспе түзетулері бар жобасы. Бұл жерде ӘҚБтК-ге, сондай-ақ Салық кодексіне және оны экология мәселелері бойынша қолданысқа енгізу туралы заңға толықтырулар енгізіледі.

Екінші оқылымда қаралатындар қатарында қоғамдық кеңестердің қызметі туралы және депутаттар әзірлеген күзет қызметі мәселелері заң жобалары, сондай-ақ, адамдарды Қазақстан шегінен тыс жерге шығарып жіберу кезінде ұстау мерзімдерін реттеуге, және бюджет заңнамасын жетілдіруге қатысты заң жобалары бар.

Палатаның жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы» Заңға өзгерістер — Мәжіліске келіп түскен жаңа заң жобасы бойынша бейінді комитетке қорытынды дайындау мерзімін белгілеу міндеті тұр.

Добавить комментарий