Қазақстан Парламенті Сенатының сайлауынан кейін палата спикері сайланады деп күтілуде.
Сенаттың экс-спикері Мәулен Әшімбаев Орталық сайлау комиссиясының отырысында журналистерге пікірін бөлісіп, палата төрағасы қызметін қайтадан тағайындалуы мүмкін бе деген деген сұраққа жпкпр берді.
«Мұндай шешім (Сенат спикерінің кандидатурасын бекіту. — ред.) президенттің өкілеттігінде. Біздің заңнамаға сәйкес спикердің кандидатурасын мемлекет басшысы ұсынады, содан кейін депутаттар дауыс береді. Содан кейін шешімді президент қабылдайды».
Қазақстандағы Сенат Спикері мемлекеттің екінші тұлғасы болып табылады. Президент мерзімінен бұрын босатылған немесе қызметiнен кеткен, сондай-ақ ол қайтыс болған жағдайда президенттің өкілеттігі қалған мерзімге Парламент Сенатының төрағасына ауысады.
Бүгін Орталық сайлау комиссиясы Сенаттың 31 жаңа депутаты, 14 қаңтардағы сайлау нәтижесінде сайланған 21 және президент тағайындаған 10 депутатқа төсбелгілер мен куәліктер табыстады.
24 қаңтарда Жақып Асановтың Сенат депутаты болғаны белгілі болды.