Мұстафа Шентоп: «Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамалары бүкіл әлем үшін маңызы зор»

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің Төрағасы Мұстафа Шентоп Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың көзқарасы мен бастамаларының бүкіл әлем үшін маңызы зор деп санайды.

Мәжіліс Тұңғыш Президент күніне орай ұйымдастырған «Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың қазақстандық парламентаризмнің қалыптасуы мен дамуындағы рөлі» атты Халықаралық конференцияда сөз сөйлеген Түркия Парламентінің Спикері Мұстафа Шентоп Қазақстан мен Түркияның терең тарихи және мәдени байланыстарды жалғастыратын екі достас және бауырлас халық екенін атап өтті.

Түрік парламентшісінің айтуынша, Түркия Қазақстанды Орталық Азиядағы маңызды саяси және экономикалық серіктес және өңірдегі тұрақтылық пен бейбітшіліктің кепілі ретінде қарастырады.

Мұстафа Шентоп Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың мемлекеттіліктің қалыптасуы мен елдің экономикалық дамуындағы ғана емес, сонымен бірге Қазақстанды бейбітшілікті нығайту ісінде көшбасшы болып табылатын қуатты мемлекетке айналдырудағы тарихи рөлін атап өтті.

«Қазақстанның қарқынды дамуында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың демократияны, адам құқықтары мен заң үстемдігін дамыту жолындағы қадамдары маңызды орын алатыны сөзсіз», — деп атап өтті түрік парламентшісі.

Нұрсұлтан Назарбаев мықты көшбасшылық қасиеттермен қатар демократияны нығайтып, Қазақстанды жаңғырта білген, бұл ретте мызғымас ерік-жігер танытқан сирек кездесетін саясаткерлердің бірі екеніне Түркия Ұлы Ұлттық Жиналысының Төрағасы ерекше тоқталды.

Конференцияда талқыланған мәселелердің өзектілігі мен маңыздылығын атап өткен Мұстафа Шентоп Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың парламентаризм мен парламенттік мәдениетті дамытуға қосқан зор үлесін атап өтті.

«Нұрсұлтан Назарбаев — жол көрсететін және өте дана тұлға. Сондықтан оның құнды көзқарастары мен көрегендігін бүкіл әлем қолдануы керек», — деп мәлімдеді Мұстафа Шентоп.

Добавить комментарий