Мәскеуде мемлекетке сатқындық жасады деген күдікпен ресейлік азамат тұтқындалды

Мәскеуде мемлекетке опасыздық жасау ісі бойынша ресейлік азамат тұтқындалды.

Сот Михаил Барановқа қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады.

Анықтама үшін! Соңғы бір жылда Ресейде ғалымдарға шетелдік арнайы қызметтерге мәлімет берді деп үш айып тағылды.

«Мәскеудің Мещан аудандық сотының қаулысымен РФ ҚК 275-бабында («Мемлекетке опасыздық жасау») қарастырылған қылмыс жасады деген күдікке ілінген Баранов Михаил Владимировичке қатысты», — делінген хабарламада.

Ол 7 қарашаға дейін қамауға алынады. Тағылған айыптың мәні сотта нақтыланбады.

13 шілдеде Мәскеудің Лефортов соты тергеудің өтініші бойынша Тимофеев есімді ресейлік азаматты қамауға алды. Ер адам мемлекетке опасыздық жасау бойынша қылмыстық іс аясында қамауға алынды. Тимофеевке қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.

РФ Қылмыстық кодексінің 275 бабы «Мемлекетке опасыздық жасау» 500 мың рубльге дейін айыппұл сала отырып, 12 жылдан 20 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады.

Добавить комментарий