Мәскеу: Стадионға кіру үшін QR-кодтың қажеті жоқ

Жанкүйерлерге Мәскеудегі стадиондарға QR-кодсыз кіруге рұқсат етіледі.

Мәскеу мэрі Сергей Собянин коронавирус пандемиясына байланысты спорт пен мәдениет шараларына QR код және түрлі шектеулерді алып тастады. Енді стадиондар мен басқа да нысандарда 100 пайызға адам толтыруға рұқсат етілді.

Мәскеуде эпидемиологиялық ахуал біртіндеп жақсарып келеді. «Омикрон» жұқтыру жағдайлары және емделіп жатқандар саны азаюда. Бұл қолданыстағы шектеу шараларының едәуір бөлігін алып тастауға мүмкіндік береді. Жарлыққа қол қойылды, оған сәйкес 2022 жылдың 3 наурызынан бастап Мәскеуде QR-кодты пайдалану тоқтатылады, деді Сергей Собянин.

Осылайша, Ресейдің астанасында түрлі спорттық іс-шараларға баруға барлық шектеулер алынып тасталды.

Енді Мәскеуде стадиондар мен басқа да нысандарды лық толтыра алады.

Добавить комментарий