Ресейде «Ислам мемлекетін» (ИМ, ҚР-да террористік ұйым деп танылған және тыйым салынған) қаржыландыру үшін қаражат жинауды жүзеге асырған террористік топтың жолы кесілді.
Бұл туралы Мәскеу және Мәскеу облысы бойынша ФҚҚ басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
«Мәскеу және Мәскеу облыстары бойынша Ресей ФҚҚБ жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде Мәскеу өңірінде «Ислам мемлекеті» халықаралық террористік ұйымын қаржыландырған аймақаралық террористік ұяшықтың қылмыстық әрекетінің жолы кесілді. Қылмыскерлер ұсталды», — делінген хабарламада.