Саяси күрескердің атын жамылып жүрген Мұхтар Әблязов шын мәнінде алаяқ болып шықты. Шынымен де, оны қарапайым деп атау қиын, дегенмен оның қызметінің ауқымы орасан зор, ал жазадан жалтаруы ең креативті тәсіл атағына лайық. Ол бірнеше онжылдықтар бойы саяси қайраткер ретінде сот төрелігінен жасырынып келеді, оның бүкіл қызметі қазақстандық билікке жала жабу болып табылады.
Ресейдің Бас прокуратурасы сот БТА банктің 173 миллиардтан астам рубльге қатысты азаматтық талаптарын қанағаттандырғанын хабарлады. Мәскеудің Таган аудандық соты «БТА Банк» АҚ директорлар кеңесінің бұрыңғы төрағасы Мұхтар Әблязовқа қатысты қылмыстық іс бойынша үкім шығарды. Ол 15 жылға бас бостандығынан айырылды.
Сондай-ақ, БТА Банк басқармасының бұрыңғы төрағасы Роман Солодченко, сондай-ақ олардың қарамағындағылар Артур Трофимов, Игорь Кононко, Татьяна Параскевич, Анатолий Ерещенко және Александр Оливенко сотталды.
Олар «Алаяқтық», «Қылмыс жасау нәтижесінде алынған мүлікті заңдастыру», сондай-ақ «Ұйымдасқан топтың алдау жолымен ерекше ірі зиян келтіру» баптарында қарастырылған қылмыстарды жасағаны үшін кінәлі деп танылды.
«Сотта 2006-2009 жылдары аталған кредиттік мекеме қызметкерлері «БТА Банк» АҚ 58 млрд рубльді жымқырғаны анықталды. Осы мақсатта олар қарыз қаражаттарымен сатып алынған жер учаскелерін кепілге қою арқылы несие берген. Кейіннен Әблязов серіктестерімен бірлесіп ипотека шарттарын заңсыз бұзуды ұйымдастырды. Нәтижесінде банк кепіл заттарын өндіріп алу мүмкіндігінен айырылды, ал қаскүнемдер мүлікті өз қалаулары бойынша, соның ішінде үшінші тұлғаларға сату арқылы иелік етті», — делінген Ресейдің Бас прокуратурасының хабарламасында.
Бұдан басқа, сыбайластар цессия шарттарының негізінде өздерінің бақылауындағы компанияларға «БТА Банк» АҚ берген бірқатар кредиттер бойынша ақшалай қаражатты талап ету құқығын берді. Нәтижесінде аталған компаниялар банкке тиесілі ақша қаражатын алды.
Қылмыстық іс келуден жалтарып жүрген сотталушылар болмаған кездегі мәні бойынша қаралды.
«Алдын ала тергеу барысында «БТА Банк» АҚ талап арызы бойынша қамтамасыз ету шаралары ретінде жер учаскелеріне, Әблязовтың активтері болып табылатын офшорлық компаниялардың акцияларына, сондай-ақ оның шоттары мен басқа да қатысушылардың тұрғын үй жылжымайтын мүлік объектілеріне тыйым салынды. Тыйым салынған мүліктің жалпы сомасы 24 млрд рубльге бағаланады», — делінген хабарламада.
Сот Әблязовты 15 жылға, Кононконы 10 жылға, Параскевичті 12 жылға бас бостандығынан айырды. Ерещенко мен Возменко әрқайсысы 13 жылға бас бостандығынан айырылды. Олардың барлығы жазасын жалпы режимдегі түзеу колониясында өтейтін болады.
Жәбірленуші БТА Банктің 173 млрд рубльден астам сомаға қылмыспен келтірілген мүліктік зиянды өтеу туралы азаматтық талабы толығымен қанағаттандырылды.
Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.
Мұхтар Әблязовқа қатысты ресейлік құқық қорғау органдары 2010 жылы қылмыстық іс қозғады. 2013 жылы 31 шілдеде Франция билігі оны құрықтады. Тамыз айында Қазақстан мен Ресей әр елдің заңнамасының талаптарына сәйкес Әблязовты Франциядан экстрадициялау туралы сұрау салды.
2015 жылғы қыркүйек айында француз соты Мұхтар Әблязовты Ресейге экстрадициялауға шешім қабылдады. Бірақ 2016 жыл 9 желтоқсанында Францияның Мемлекеттік кеңесі Ресейге бұрынғы банкирді экстрадициялаудан бас тартуға шешім қабылдады.
2020 жылдың қазан айында Франция бұрынғы банкир Мұхтар Әблязовқа саяси баспана берді.
Қазақстанда бұрыңғы банкир Ержан Тәтішевтің өліміне байланысты сырттай өмір бойы бас бостандығынан айырылды. Ол сондай-ақ өзі басқарған БТА банктегі миллиардтаған ақшаны жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды.