Мәнерлеп сырғанаушы Тұрсынбаеваның анасы қызының қазақстандық спорттағы мансабын тозаққа теңеді

Элизабет Тұрсынбаева Ресей атынан өнер көрсеткенде спорттық мансабында керемет жетістіктерге жетер еді, деп есептейді анасы.

Ресейлік БАҚ-қа берген сұхбатында Падишахан Сұлтаналиева қызымен бірге қабылдаған Қазақстан атынан шығу туралы шешіміне өкінетінін айтты.

«Ата-бабаларымыз үшін Қазақстанды таңдадық десе болама? Солай деуге болады. Сондай-ақ, күйеуім екеуімізге бұл бала үшін басты сайыстарға жолын ашады деп ойлады. Бірақ мен бұл шешіміме қазір өкінемін! Біз мәнерлеп сырғанау спорты жоқ ел атынан өнер көрсетудің қиын болатынын болжай алмадық. Сенің еліңді әлемдік аренада мәнерлеп сырғанаушы ел ретінде мойындамаса, тіпті тозақ қой. Өз судьялары да, техникалық бақылаушылары да жоқ, сахна артында ешқандай қолдау көрсетілмейді», — деп мәлімдеді ол.

Падишахан Сұлтаналиева Қазақстанның негізгі қателіктерін атап өтті

«Ғасырлар бойы көшбасшы болуға күресіп жатқан державалардың барлығы жеңіске жетуге барлық жағдай жасалған. Олар өз спортшыларын қорғап, төрешілермен жұмыс істейді. Үлкен спорт үлкен саясатпен тең. Мен мұны процессте, тым кеш түсіндім. Егер менің немерелерім мәнерлеп сырғанаушы боламын десе, мен оларға Ресей атынан ғана өнер көрсетуге кеңес беремін. Өз қателіктерімді ескеріп, егер Қазақстанда жағдай өзгермесе, дәл осындай шешім қабылдаймын», — деді спортшының анасы.

Фото: Қазақстандық атақты мәнерлеп сырғанаушының анасы Элизабет Тұрсынбаева спорттағы проблемалар туралы айтып берді

Атақты мәнерлеп сырғанаушының анасы еліміздегі спорттың деңгейі төмен екенін айтты

Ол атап өткендей, Элизабет Ресейдің атынан өнер көрсеткенде зор жетістіктерге жетер еді. Атап айтқанда, спорттың жалпы деңгейі кері әсер етті.

«Астанада үш мұз айдыны бар, ал жаттығулар аз. Барлығы барын салып тырысады, бірақ деңгейі өте төмен. Түсінесіз бе, менталитет басқаша: балалардың спорттық өсуіне темір тәртіп пен жанын салатын ата-аналар жетіспейді. Олар баланы клубқа әкеліп жаттықтырушы оны бірден чемпион болады деп есептейді. Олай болмайды — балаларға көмектесу, тәлім беру, хореографтар мен қойылымшыларға қосымша сабақтарға апару, тұрмыстық жағдайларды ұйымдастыру керек», — деп баса айтты ол.

Естеріңізге сала кетейік! Бұған дейін Элизабет Тұрсынбаева спорттық мансабын аяқтағанын жариялаған болатын.

Добавить комментарий