Қазақстанда барлық дерлік мұнайшылар вакцина алудан бас тартты. Хабарланғандай, олардың тек 10%-ы ғана коронавирустық инфекцияға қарсы екпе салдырған.
Мұнай сервистік компаниялар одағы төралқасының төрағасы Рашид Жақсылықов вакцина алудан бас тарту себептерін айтып берді.
Екпеден бас тартудың бір себебі — нысандарда вахта әдісімен жұмыс істейтін жұмысшыларға қолайлы жағдай жасалған. Оларға еңбек кодексі бойынша көрсетілген уақыттан көп жұмыс істесе жалақыға үстемеақы төленеді. Кезекшілікке түсер алдында жұмыс аптасын оқшауланады.
Рашид Жақсылықов атап өткендей, бұл жағдайда екпе салдыру олар үшін тиімсіз, себебі жоғары коэффициенттер болмайды. Айта кетейік, мұнай өндіруші компанияның нысандарына препараттың 90 мыңға жуық дозасы жеткізілген.