Қазақстан азаматтарына мұнай саласына инвестиция салу арқылы табыс табу ұсынылды.
«Теңізшевройл» (ТШО) әлеуметтік желілерде қазақстандықтардың қосымша табыс табуына кепілдік беретін ТШО-ның инвестициялық платформасына қатысты ақпаратқа түсініктеме берді.
Мұнайға салған салымнан айына 120 мың теңгеден әкелуі мүмкін екені айтылған.
«Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. ТШО қазақстандықтарды қырағы болуға және мұндай хабарламаларға сенбеуге шақырады», — делінген компанияның сайтында.
ТШО тұралы барлық сенімді ақпарат компанияның www.tengizchevroil.com ресми сайтында жарияланған.