Мұнай бағасы барреліне 73 доллардан асты

Мұнай бағасы барреліне 73 доллардан асты

2021 жылдың мамыр айынан бастап алғаш рет Brent маркалы мұнай бағасы барреліне 73 доллардан асты.

Шілде айында жеткізілетін WTI маркалы мұнайдың фьючерстері баррелі үшін 71,15 долларға дейін өсті.

Тамыз айында Лондондағы ICE биржасында жеткізілген Brent маркалы мұнайдың фьючерсінің құны барреліне 73,03 долларға жетті. Мұндай баға соңғы рет 2019 жылдың 20 мамырында тіркелген.

Шілде айында WTI маркалы мұнайдың фьючерстері баррель үшін 71,15 долларға дейін өсті.

Market watch хабарлауынша, Халықаралық энергетика агенттігі келер жылдың соңына қарай мұнайға деген әлемдік сұраныс Covid-19 пандемиясына дейінгі деңгейге қайта оралады деген мәлімдемесі аясында мұнай бағасы қымбаттаған.

Өндірушілер сұранысты қалпына келтіруден қалыс қалмау үшін өндіру көлемін ұлғайтуы керек, делінген энергетика агенттігінің маусым айындағы есебінде. Ол 2021 жылы сұраныс артады, одан кейін келесі жылы жылдам қарқынмен өседі және 2022 жылдың соңына қарай күніне 100,6 млн баррельге жетеді деп болжап отыр.

Добавить комментарий