Қазақстан өз мұнай маркасы — KEBCO (Kazakhstan Export Blend Crude Oil) шығару арқылы санкциялық тәуекелдерді азайтты.
Бұл туралы «ҚазМұнайГаз» (ҚМГ) ұлттық мұнай-газ компаниясының басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев айтты.
Хьюстонда (АҚШ) өткен CERAWeek энергетикалық конференциясында сөйлеген сөзінде Мирзагалиев ҚМГ-ның санкциялық кедергілерді еңсеру жөніндегі тәжірибесімен бөлісті.
«Былтыр біз Urals және Brent сұрыпты мұнай маркалары арасындағы спред (дисконт) барреліне 30-40 долларға жеткен жағдайға тап болдық. Бұрын спред барреліне шамамен 1,53–1,23 доллар болатын. Жалпы мұнайдың бағасы жоғары болғанымен, қазақстандық жер қойнауын пайдаланушылардың мұнайды сатудан алатын нақты табысы әлдеқайда төмен», — деп Мырзағалиевтің сөзі компанияның баспасөз хабарламасында.
ҚМГ басшысы былтыр маусым айында қазақстандық KEBCO (Kazakhstan Export Blend Crude Oil) жаңа мұнай маркасын нарыққа шығару еліміздегі мұнай-газ компаниялары үшін тәуекелді азайтуға мүмкіндік бергенін атап өтті. Қазіргі кезде KEBCO мұнайының белгіленген бағасы тұрақты. KEBCO және Brent мұнай сұрыптары арасындағы нарықтағы жеңілдік барреліне 3 долларға жуық соманы құрайды.
ҚМГ 2022 жылғы маусымда қазақстандық мұнай компаниялары мұнайды экспорттауға арналған құжаттарды ресімдеу кезінде оның атауы ретінде KEBCO (Kazakhstan export blend crude oil) көрсете бастағанын хабарлады. Бұған дейін «Транснефт» жүйесі арқылы әлемдік нарықтарға тасымалданатын қазақстандық мұнай ресейлік Urals маркасымен сатылған болатын.
Анықтама! CERAWeek — бұл S&P Global ақпараттық-талдау компаниясы жыл сайын Хьюстон қаласында (АҚШ) өткізетін энергетика мәселелеріне арналған ең ірі конференция. Биылғы форум «Navigating a Turbulent World: Energy, Climate and Security» тақырыбы бойынша өтіп, дүние жүзінен 4 мыңнан аса делегат жинады, олар: энергетикалық компаниялардың басшылары мен өкілдері, саясаткерлер, энергетика, қаржы, экология саласының сарапшылары және басқалар.
.Мырзағалиев ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сай, Қазақстан Үкіметі көміртегі бейтараптығына қол жеткізуінің 2060 жылға дейінгі стратегиясын әзірлегенін жеткізді. Аталған құжат энергетикалық балансты әртараптандыруға бағытталған.
Бұл ретте «ҚазМұнайГаз» тың бастамаларды қолға алып, жаңа қызмет салаларын – мұнай-газ химиясы мен «жасыл» жобаларды іске асыра бастады. Былтыр Атырау облысында іске қосылған полипропилен өндіретін мұнай-газ химия кешенін, сондай-ақ қазір пысықталып жатқан Маңғыстау және Жамбыл облыстарындағы баламалы энергия көздері негізінде жұмыс істейтін ірі электр стансаларының жобаларын мысал ретінде келтірді.
Бұдан бөлек, ҚМГ басшысы сапар барысында Shell компаниясының барлау және өндіру жөніндегі директоры Зои Юновичпен, Chevron атқарушы вице-президенті Найджел Хирнмен, ExxonMobil корпорациясының аға вице-президенті Нил Чапманмен кездесулер өткізіп, алдағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады.
«ҚазМұнайГаз» — Қазақстанның вертикалды интеграцияланған мұнай-газ компаниясы. ҚМГ көмірсутектерді барлау мен өндіруден бастап тасымалдауға, қайта өңдеуге және мамандандырылған қызметтерді ұсынуға дейінгі бүкіл өндірістік цикл бойынша активтерді басқарады.