МӘМС-ті төлемегені үшін өсімпұлдар мен айыппұлдар салынады

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында МӘМС-ті уақытылы төленбегені үшін айыппұлдар мен өсімпұлдар жоқ екендігі айтылды.

«МӘМС туралы заңда қызметкерлерге, өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға және БЖТ төлеушілерге ешқандай айыппұл санкциялары қарастырылмағанын хабарлаймыз», — деп түсіндірді әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры.

Бірақ бұл жөнінде қуанудың қажеті жоқ, өйткені іс жүзінде сізді емдемей қояды. Яғни, сіз бұрын төленген барлық ақшаны Қорға сыйлайсыз, немесе жыл басынан бері өткізіп алған әрбір ай үшін ерікті сақтандыру төлемі ретінде 2125 теңге төлеуге тура келеді (ең төменгі жалақының 5%-ы). Бұл сомаға салықтар мен зейнетақы алымдары кірмейді.

Баспасөз қызметі өсімпұл МӘМС бойынша берешегі бар жұмыс берушілер үшін қарастырылғанын түсіндірді (төлем күнін қоса алғанда, әрбір кешіктірілген күн үшін берешек сомасының 1,25%).

«Егер жұмыс беруші қызметкерге төлем жасамаса немесе уақытында төлемесе, қызметкер МӘМС пакетінде медициналық көмек ала алмайды, оның мәртебесі «Сақтандырылмаған» деп өзгереді. Бұл сондай-ақ оның иесі жалғыз қызметкер болып табылатын ЖК-ге де қатысты», — деп түсіндірілген жауапта.

Қорда өсімпұлды есептеу туралы хабарлама түскен жағдайда аумақтық мемлекеттік кірістер департаментіне жүгінуді сұрайды.

«Медициналық сақтандыру қорына тек жарналар, аударымдар мен өсімпұлдар түседі. Бірақ, МӘМС бойынша жарналар мен аударымдарды төлемегені үшін өсімпұлды есептеуді салық органдары жүзеге асырады», — деп толықтырды баспасөз қызметі.

Добавить комментарий