Мүлік салығын төлемеген тұлғаларға өсімпұл қосылады

Қазақстандықтар мүлік салығын 3 қазанға дейін (қоса алғанда) төлеуі тиіс.

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде атап өткендей, Салық кодексінің ережесіне сәйкес, егер салық міндеттемесін орындау мерзімінің соңғы күні демалыс күніне келетін болса, онда төлем мерзімі келесі жұмыс күнінің соңында аяқталады.. Осылайша, 1 қазан демалыс күніне сәйкес келгендіктен, төлеу мерзімі 2022 жылғы 3 қазанға ауыстырылады.

«1 қазанға дейін төлем жасай алмаған азаматтар бүгін салығын өтей алады.

Өсімпұлды есептеу ағымдағы жылдың 4 қазанынан басталады», — деді ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті.

Добавить комментарий