Мұхтар Тілеуберді ҚР-ның Австриядағы елшісі болып тағайындалды

Қазақстан Президенті Қ.К.Тоқаевтың жарлықтарымен еліміздің Австриядағы және Андорра Князьдігіндегі елшілері тағайындалды:

Мұхтар Бескенұлы Тілеуберді Қазақстан Республикасының Австрия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі, Қазақстан Республикасының Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы тұрақты өкілі болып тағайындалды;

Қазақстан Республикасының Испания Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті елшісі Данат Өмірбайұлы Мұсаев Қазақстан Республикасының Андорра Князьдігіндегі Төтенше және Өкілетті елшісі, Қазақстан Республикасының БҰҰ Дүниежүзілік туристік ұйымы жанындағы қоса атқарушы тұрақты өкілі болып тағайындалды.

Мемлекет басшысының басқа жарлығымен Әлібек Әсетұлы Бақаев Қазақстан Республикасының Австрия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі, Қазақстан Республикасының Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы тұрақты өкілі, Қазақстан Республикасының Словения Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметтерінен қоса атқарушы қызметінен босатылды.

Добавить комментарий