«Мәңгілік алау» алаңында шыршаны кім кесіп әкеткені белгілі болды

Қарағанды полициясы «Мәңгілік алау» алаңында шыршаны кесіп әскеткен күдіктінің ұсталғанын хабарлады.

Ұсталған күдікті жаңа жыл қарсаңында пайда табу мақсатында шыршаны сатпақшы болғанын айтты.

«Күдікті ұсталды — ол 33 жаста. Ол мойындады. Ұсталған күдікті ұрланған шыршаны жаңа жыл қарсаңында сатпақшы болғаны туралы мойындау көрсетпе белгілерін берді. Айғақ заттар тәркіленді. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», — деп хабарлады Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Добавить комментарий