Мүгедектік пен асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы: 243 млрд теңге төленді

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі биыл елімізде мүгедектік пен асыраушысынан айырылу бойынша қанша жәрдемақы төленгені туралы есеп берді.

2020 жылдың қаңтар-тамыз айлары аралығында мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды төлеуге республикалық бюджеттен 193,8 млрд теңге, асыраушысынан айырылуына байланысты 49,6 млрд теңге бағытталды. 2020 жылғы тамызда мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды төлеуге республикалық бюджеттен 24,3 млрд теңге, асыраушысынан айырылуына байланысты 6,1 млрд теңге бағытталды.

2020 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылардың саны 533,1 мың адамды, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша 156,6 мың адамды құрайды. Мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері мүгедектіктің тобы мен себебіне, қайтыс болған (қаза тапқан) асырауындағы адамдардың санына, сондай-ақ тиісті қаржы жылына арналған «Республикалық бюджет туралы» заңда белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасына байланысты болады.

2020 жылдың 1 қыркүйегіне мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының орташа мөлшері 45 651 теңгені, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының орташа мөлшері 38 850 теңгені құрайды.

Добавить комментарий