Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова «Борат» фильмінің жаңа бөлімі ел азаматтарының абыройы мен қадір-қасиетіне қатысты екенін айтты.
«Фильмнің жалғасын елемеу мүмкін емес. Біз барша қазақстандықтар БАҚ-та екінші фильм пайда болғанын оқып, көріп отырмыз. Шығармашылық адамдары ретінде олар ойын қалай білдірсе де өз еркі. Бірақ елдің азаматтары ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келмеуі тиіс», — деді Райымқұлова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Оның айтуынша, министрлік Қазақстанда көрсету үшін прокатқа шығаруға куәлігіне өтінім берілген кезде әрекет ете алады.
«Бүгінгі таңда ешқандай ресми мәлімдеме болған жоқ. Сондықтан министрлік ресми түрде жауап берген жоқ және әрекет еткен жоқ. Бірақ қазақстандық ретінде бұл менің намысыма тиеді. Біздің шығармашылық тұлғаларымыз шын мәнінде БАҚ-та нағыз Қазақстанды көрсетіп жүр. Менің ойымша, бүкіл әлемде ақпаратты дұрыс қабылдайтын адамдар бар және олар бұл белгілі бір адамдардың қиялы екенін түсінеді», — деп толықтырды министр.
Ол кино туралы заң бойынша бірқатар нормалар бар, оларға сәйкес ел аумағында көрсету үшін прокаттау куәлігі берілмейтін мақала бар екенін еске салды.
Сондықтан ештеңе айта алмаймын, бірақ біз бұл мәселені қарастырамыз, — деп сендірді Мәдениет және спорт министрлігінің басшысы.
Фильмнің шығуы мен оны прокаты, қазақстандықтар мен қазақстандық биліктің пікірін толық елемеу біздің елімізге деген көзқарасын айқын көрсетеді.
Бұған дейін британдық комик Саша Барон Коэн «Борат» таспасының сиквелін жасырын түсіргені туралы хабарланған болатын. Бұл картинаның екінші бөлімі «Борат: жақында азайған Қазақстан халқының игілігі үшін вице-премьер Микаэль Пенске порнографиялық маймылдың сыйы» деп аталады. Оның трейлерін YouTube-тен көруге болады. Қазақстандықтар фильмнің шығуына қарсы #Cancel Borat хештегін іске қосты.