Мәдениет ұйымдарында бюджеттік қаражат ұрланды: Ақмола облысы прокуратурасының хабарламасы

Ақмола облысының прокуратурасы («Қалалық ақпараттық кітапхана жүйесі») КММ-ның директоры және оның орынбасары ондаған қызметкері мен мекеме басшыларының туыстарының қатысуымен жасалған жемқорлықтың әректтерінің жолын кескенін хабарлады.

«Ақмола облысы прокуратурасымен жүргізілген тексеру нәтижесінде Мәдениет басқармасының құрылымдық бөлімшелерінен сыбайлас жемқорлық фактілері анықталды.

Облыс прокуратурасымен жедел іздестіру іс-шаралары тағайындалып, олардың нәтижелері бойынша «Қалалық ақпараттық кітапхана жүйесі» КММ-нің (бұдан әрі — КММ) директоры және оның орынбасарының бюджеттік қаражатты жымқырғандығы расталды.
Жұмыс орындарына жалған орналасу арқылы қылмыстық іс-әрекетке мекеменің ондаған қызметкерлері мен мекеме басшыларының туыстарының қатыстылығы анықталды.
Жалақы және басқа да төлемдер КММ-нің басшылығы және басқа да қызметкерлердің банктік шоттарына жалған арыздардың негізінде аударылып отырған.
Тексеру нәтижелері мен жинақталған дәлелдемелер сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізу үшін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментіне жолданды.
Екі ай ішінде қылмыстық істі тергеп-тексеру аяқталып, айыптау актісімен сотқа жіберілді.
Көкшетау қалалық сотының 2021 жылғы 16 шілдедегі үкімімен мекеме директоры мен оның орынбасарына айыппұл салынды. Аталған тұлғалар өмір бойы мемлекеттік қызметте және ұйымдарда қызмет атқару құқығынан айырылды.
Сот үкімі 2021 жылғы 3 тамызда заңды күшіне енді», — делінген Ақмола облысы прокуратурасының хабарламасында.

Добавить комментарий