ҚМ БББ басшысы Украинадағы жағдай өзгермейді деп есептейді

Украинаның бас барлаушысының пікірінше, Украинадағы Ресей әскерлерінің жаңа қолбасшысы соғыс алаңындағы жағдайды өзгерте алмайды.

Украина барлау қызметінің басшысы Ресей қолбасшылығының қатаң әдістері бүгінде тиімсіз деп санайды.

Украинада Ресей әскерлерінің біріккен тобының қолбасшысы болып генерал Сергей Суровикиннің тағайындалуы соғыстың барысына әсер етпейді. Бұл туралы Украина Қорғаныс министрлігінің басшысы Кирилл Буданов «Украинская правдаға» берген сұхбатында  мәлімдеді.

Украина барлау қызметі басшысының пікірінше, Суровикинді тағайындау соғыстың бастапқы кезеңінде тиімді болуы мүмкін еді, алайда қазір ресейлік генерал жағдайды түбегейлі өзгерте алмайды.

«Оны жете бағалауға да, асыра бағалауға да болмайды. Ол ешнәрсені өзгертпейді, мен осыны тіке айта аламын. Бұл жерде ешкімді қатыгездікпен таң қалдыра алмайсың. Бұл кең ауқымды соғыстың алғашқы күндерінде жасалғанда, онда мұның нәтижесі болар еді. Қазір әсері жоқ. Құрбан болғандар тым көп, тым ұзақ уақыт өтті, адамдар жарылысқа, кісі өліміне, өлімге үйренді. Бәріне үйреніп қалды. Бұл жерде әсер етпейді», — деп атап өтті Буданов.

Сонымен қатар, БББ басшысы Суровикин Ресейдің жеңілетінін түсініп отырғанын, сондықтан өзін жеңіліске кінәлі қылмаудың амалын жасап жатқанын айтты.

«Олар Ресейдің жаһандық және локалды деңгейде жеңіліп бара жатқанын түсінеді. Жаһандық жеңіліс үшін «бұл менің шаруам емес» деп айта алады, онда локалды деңгей үшін — Суровикин жауап береді. Ол қаланы қайтару туралы шешім қабылданса (Херсон — мыс. ред) немесе оларды қуып шығатын болса, осының бәріне өзін кінәлі етпеудің амалын жасап жатыр», — деп есептейді БББ.

Сонымен қатар Буданов Ресей әскерлері Херсоннан кетуді жоспарлап отырмағанын, онда күштерін нығайтып отырғанын айтты. БББ басшысы қаланы эвакуациялау туралы жария мәлімдемелер ақпараттық операцияның бір бөлігі болып табылады деп санайды.

«Мен қазір олар Херсоннан қашып жатыр деп айта алмаймын. Жоқ, ондай емес. Көптеген аспектілерде бұл ақпараттық операция және манипуляция. Белгілі бір фактілер бар. Яғни, бәрі жоғалды деген иллюзия туғызады. Ал олар керісінше онда жаңа әскери бөлімшелер құрып, қала көшелерін қорғанысқа дайындайды», — деді Буданов.

Добавить комментарий