Мұғалжар ауданының ауылдық округінің әкімін аса ірі көлемдегі алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу шеңберінде қамауға алғаны белгілі болды.
Ол фермерге берілген несиені иемденген деп болжануда, бұл туралы ҚР Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Ақтөбе облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті Мұғалжар ауданы ауылдық округі әкімінің алаяқтық әрекетінің жолын кесті.
Комитеттің мәліметінше, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Ақтөбе филиалы шаруа қожалығының иесіне «Құлан» бағдарламасы бойынша 40 бас жылқы сатып алу үшін жалпы сомасы 11,8 млн теңгеден астам несие берген. Бөлінген қаржы шаруа қожалығының иесіне жеткен жоқ, деп хабарлады KFM.
Ауылдық округ әкімі жалған құжаттар мен түбіртекті пайдалану арқылы аталған ақшалай қаражатты алды деп болжануда. Ол қаражатты өз қажеттіліктері үшін жұмсаған, деп хабарлады ведомство. Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу ҚР ҚК-нің (аса ірі көлемдегі алаяқтық) 12-бабы 4-тармағы бойынша жүргізілді. Шенеунікті қамауға алды.