«Мұқағали» фильмі БАӘ-де өткен фестивальда бас жүлдені жеңіп алды


  • Warning: file_get_contents(/home/oqunews/kz.oqu.news/www/wp-content/uploads/2022/10/speech-41526-1667212855-1.mp3): failed to open stream: No such file or directory in /home/oqunews/kz.oqu.news/www/wp-content/themes/news-theme/single.php on line 38
  • Прослушать

Дубайда өткен кинофестивальдің қорытындысы бойынша қазақстандық кинематографшылар түсірген «Мұқағали» атты фильм жеңді.

Фильмнің режиссері Болат Қалымбетов Дубайда өткен «META Film Fest» кинофестивалінде бас жүлдені жеңіп алды.

Фестивальде 25 елден 70-тен астам фильм көрсетілді.

Белгілі қазақ ақыны Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына арналған «Мұқағали» картинасы оның өмірінің соңғы жылдары туралы баяндайды.

Meta Film Fest, Таяу Шығыс, Азия және Африка киноиндустриясын қамтитын жаңа халықаралық кинофестиваль.

10 маусымда режиссер Дәрежан Өмірбаев түсірген «Ақын» фильмі Халықаралық Olhar de Cinema кинофестивалінде «Үздік фильм» жүлдесін иеленді.

Добавить комментарий