Ұлыбритания билігі Ресей тауарларының импортын тарихи минимумға дейін төмендеткенін мәлімдеді.
2022 жылдың маусым айында РФ-дан 33 млн фунт стерлинг болатын тауар импортталды. Бұл 1997 жылғы қаңтар айынан бергі абсолюттік көрсеткіш, деп хабарлады ONS статистикалық ведомствосы.
Бұл Ресейден 2021 жылғы ақпан айынан 2022 жылғы ақпанға дейінгі 12 айлық кезеңдегі британдық импорттың орташа көрсеткішінен 96,6%-ға аз.
Украинадағы жағдайға байланысты Ресейге қарсы санкциялар аясында отын импорты маусым айында алғаш рет нөлге дейін қысқарды, делінген хабарламада. Қатаң санкциялар енгізілгенге дейінгі 12 айлық кезеңде орта есеппен 0,5 млрд фунт болды.
Ресейден түсті металдарды жеткізу маусымда 94,7%-ға, 6 миллион фунтқа дейін төмендеді, болат пен болат өнімдерінің импорты 1 миллион фунт болды.
Маусым айында Ұлыбританиядан Ресейге экспорт 83 млн фунт болды, бұл «санкцияға дейінгі» жылдағы орташа айлық көрсеткіштен 67%-ға аз. Бұл көрсеткіштің негізгі үлесі (61,6 млн фунт) химиялық өнімдердің экспорты болып табылады, бұл жерде санкциялық шектеулерге жатпайтын дәрілер ескерілген.