Ұлыбритания билігі елу жастан асқан адамдарға коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинаның үшінші дозасын салдыруды ұсынбақ.
Жергілікті БАҚ мәліметінше, қазір препараттардың екі ықтимал нұсқасы сынақтан өткізілуде
Ұлыбритания билігі күзде 50 жастан асқан азаматтарға Рождество мейрамының қарсаңында індеттің өршуіне жол бермеу үшін коронавирусқа қарсы үшінші вакцинаны салдыруды ұсынбақ. Бұл туралы сәрсенбі күні The Times газеті хабарлады.
Басылымның мәліметінше, қазір Ұлыбританияның бас санитарлық дәрігері Крис Уиттидің басшылығымен вакциналардың екі ықтимал нұсқасына сынақ жүргізілі жатыр. Бірінші нұсқа коронавирустың жаңа штаммдарымен күресу үшін арнайы модификацияланған вакциналар пайдаланылады. Тағы бір нұсқа елде мақұлданған үш препараттың бірімен вакциналау мүмкін: америкалық Pfizer компаниясы мен оның германиялық серігі BioNTech, AstraZeneca британ-швед компаниясы және Оксфорд университеті немесе америкалық Moderna компаниясы.
Қазіргі уақытта корольдікте жоғарыда аталған үш препаратпен егіліп жатыр. Қысқа мерзім ішінде адамдардың ең көп санына екпе жасау үшін Ұлыбританияда вакцинаның екі дозасын енгізу арасындағы уақыт Үкіметтің шешімі бойынша үш аптадан үш айға дейін ұлғайтылды.