Ұлыбританияда тыңайтқыш шығаратын зауыт уақытша жабылғаны хабарланды. Зауыттың жұмысы газ жеткізу мәселесі шешілгеннен кейін қайта қалпына келтіріледі.
Ұлыбританияда энерготасымалдағыштардың бағасы қымбаттағанына байланысты азотты тыңайтқыштар шығаратын елдегі ең ірі зауыттардың бірі Ince жабылды. Бұл туралы The Telegraph газеті кәсіпорынға иелік ететін CF Fertilisers компаниясына сілтеме жасап жазады.
Басылымның мәліметінше, компания газдың рекордтық бағасы мен қоршаған ортаны қорғауға байланысты салыққа байланысты зауыттың жұмысын уақытша тоқтатады.
Кәсіпорынның жабылуы Ұлыбританиядағы азық-түлік жеткізу тізбегінің бұзылуына алып келуі мүмкін екені атап өтілді.