Ұлыбритания сыртқы істер министрі Киевке келді

Дүйсенбі күні Ұлыбритания Сыртқы істер министрі Джеймс Клеверли Киевке күтпеген жерден  сапармен келіп, президент Владимир Зеленскиймен кездесті.

Президент бұл ақпаратты әлеуметтік желідегі парақшасында растады, деп хабарлайды «Европейская правда».

Клеверли мемлекет басшысымен кездесу барысында «Украинаның Вильнюсте өтетін НАТО саммитінен не күтетіні, Украинаның бейбітшілік формуласын ілгерілету және оны іске асыру жөніндегі жаһандық саммитке дайындық, сондай-ақ Украинаны қалпына келтіру жөніндегі Лондон халықаралық конференциясы сияқты маңызды өзекті мәселелерді» талқылады.

Зеленский «Біз Ұлыбританияға Украинаға көрсеткен қолдауы үшін алғыс білдіреміз. Соңғы бірнеше апта ішінде Ұлыбритания премьер-министрімен келіссөздер жүргіздік, бізде тікелей диалог болды және өте маңызды келісімдерге қол жеткіздік».

Добавить комментарий