Ұлыбритания РФ-ға қатысты санкциялық тізім кеңейтілетінін мәлімдеді

Ұлыбритания билігі Ресейге қатысты санкциялық тізімді кеңейту туралы шешім қабылдағанын хабарлады.

Қара тізімге, атап айтқанда, РФ президенті жанындағы кәсіпкерлер құқықтары жөніндегі уәкілі Борис Титов, оның ұлы Павел Титов, «Деловая Россия» қоғамдық ұйымын басқарушы, Regnum агенттігінің иесі Сергей Руднов, «Россия» банкінің акционері Светлана Кривоногих кірді.

Ұлыбритания сәрсенбі күні Ресейге қарсы санкциялық тізімді 15 тармаққа кеңейтті. Оны Біріккен Корольдіктің СІМ жариялады.

Мәселен, қара тізімге тағы сегіз жеке тұлға енді:

РФ Президенті жанындағы кәсіпкерлер құқықтары жөніндегі уәкілі Борис Титов;

«Деловая Россия» қоғамдық ұйымын басқаратын кәсіпкер Павел Титов (Борис Титовтың ұлы);

Regnum агенттігінің қожайыны Сергей Руднов;

«Ресей» банкінің акционері Светлана Кривоногих;

«Аэростарт» компаниясының қожайыны Виктор Мячин;

«Р-Фарм» компаниялар тобының директорлар кеңесінің төрағасы Алексей Репик;

«Біріккен энергетикалық жүйелер» компаниясының директорлар кеңесі төрағасының орынбасары Евгений Шклов;

Лондон «Энергетика. Достастық. Табысқа жету» ЖШС басшысы және Антипин МӨЗ-нің бұрынғы директоры деп есептейтін Николай Егоров.

Барлық аталған адамдарға Біріккен Корольдіктің аумағына кіруге тыйым салынады. Олардың ел аумағындағы активтері, егер олар табылса, бұғатталады. Санкциялардың негіздемесінде аталған адамдар «Ресей үкіметіне қолдау көрсетіп пайда көріп отыр» немесе «Украинадағы жағдайды тұрақсыздандыруға және оның аумақтық тұтастығына нұқсан келтіруге» жәрдемдесіп жатқаны атап өтілген.

Санкциялық тізімге жеті компания қосылды, олардың алтауы — қорғаныс компаниялары:

«РТ-комплект»;

«Қорғаныс логистикасы»;

«Универсалмаш» зауыты «АҚ:

«Топаз» ғылыми-өндірістік кәсіпорны «АҚ;

«Липецкий механикалық зауыты» ЖШС;

«Калашников» концерніне кіретін ZALA AERO GROUP «Пилотсыз жүйелері»;

Ақпараттық технологиялар саласында жұмыс істейтін «Москомсвязь».

СІМ аталған компаниялар РФ-ның Украинадағы арнайы әскери операциясына жұмылдырылған деп отыр.

Ведомство басшысы Джеймс Клеверлидің айтуынша, санкциялардың мақсаты — Ресей жоғары басшылығына «экономикалық қысымды күшейту». «Мен біздің заңнамамызға сәйкес Украинаның аумақтық егемендігі мен тұтастығына Ресейдің қауіпі біржолата сейілгенше, біз бұғаттаған активтерге қол жеткізе алмауына барымды саламын», — деді ол.

Корольдік СІМ мәліметі бойынша, Украинада арнайы әскери операция басталғалы бері Лондон 1,3 мың ресейлік жеке және заңды тұлғаға қарсы санкция салған.

Добавить комментарий