Ұлыбритания шектеу шарасын күшейтуде: Ресейлік алмастар мен басқа да тауарларды импорттауға тыйым салынды.
Ұлыбритания үкіметі ресейлік алмас, мыс, алюминий және никель импортына тыйым салу туралы шешім қабылдады.
Біріккен Корольдік премьер-министрінің кеңсесі жаариялаған жаңа мәлімдемеде ресейлік тауарларға қатысты санкцияларды күшейту мәселесі көтерілген.
Ұлыбритания сондай-ақ ресейлік 86 жеке тұлғаға және әскери-өнеркәсіптік кешен компанияларына, сондай-ақ энергетика, металлургия және кеме қатынасындағы экспорттық түсім мен негізгі кіріс ағынына байланысты салаларға қатысты шектеу енгізілгенін хабарлайды.
Құжатта санкцияға іліккен нақты есімдер мен компаниялар көрсетілмеген.
Ұлыбритания қабылдаған шешім Жапонияның Хиросима қаласында өткен Үлкен жетілік (G7) тобының саммиті қарсаңында жарияланды. Біріккен Корольдіктің премьер-министрінің мәлімдемесінде G7 қауіпке қарсы тұратынын және Украинаны соңына дейін қолдайтыны айтылған.