Ұлыбритания Путинді Мәскеуде болған лаңкестік шабуылды соғысты ушықтырмау үшін қолданбауға шақырды

Путин террорлық актіні Ресей қауіпсіздік қызметінің біліксіздігін көрсетпей, билікке қарсы пікір білдіретіндерге репрессияны күшейтуге және Украинамен соғысты жалғастыру үшін адамдарды көптеп жұмылдыру үшін пайдалануға тырысуда.

Ұлыбритания Кремль басшысын Крокус Ситидегі терактіні Киевпен байланыстырып, соғысты ушықтырмауға шақырды.

Бұл туралы The Telegraph жазады.

Аталып өткендей, Ресей президенті сенбі күнгі үндеуінде Киевті концерт залында оқ атып, кем дегенде 130 адамды өлтірген төрт лаңкесттің қашып кетуіне көмектесті деп айыптады. Көп ұзамай, Ислам мемлекеті шабуыл үшін жауапкершілікті өз мойнына алды, ал Украина оған қатысы жоқ екенін мәлімдеді. Бұған бірнеше апта бұрын Мәскеудегі террорлық шабуыл туралы ескерту жасаған Құрама Штаттар да мойындап отыр.

Сенбі күні ИМ атысқа қатысы бар ер адамдардың селфиін, сондай-ақ Крокус Сити Холлдағы шабуылды қалай жоспарланғаны және жүзеге асырылғанын жариялады.

Путин бес минуттық видеода қылмыскерлердің тұтқындалғанын айта келе: «Олар жасырынбақ болып, Украина жағынан оларға шекарадан өту үшін терезе әзірленген».

Уайтхоллдағы қауіпсіздік жөніндегі жоғары лауазымды дереккөз Telegraph-ке:

«Путин Украинаны кінәлап жатқаны таң қалардық жайт емес, себебі ол Ресейде билікке қарсы пікір білдіретін жоқ екенін алға тартып, осылайша ресейліктерді алдамақ».

Дереккөз Путин мұны Украинадағы мән жоқ соғысты ушықтыру үшін сылтау ретінде қолданбауы тиіс екенін айтты.

Ұлыбритания Парламентінің Консервативтік партиядан Сыртқы істер комитетінің басшысы Алисия Кернс Украинамен ешқандай байланыс жоқ екенін, сондай-ақ оның қатыстылығын дәлелдеуге ешқандай да негіз жоқ екенін мәлімдеді.

«Ресейлік медиа-арналар қазірдің өзінде украиналық шенеуніктердің жалған видеоларын таратып, Украинаны айыптап, Путинге Украинада жасалып жатқан әскери қылмыстарды жақтап немесе бұдан сорақысы, оны жалғастыруға тырысуда», — деді Кернс.

Украина Сыртқы істер министрлігі бұл айыптаулар Ресей қоғамында антиукраиндық истерияны қоздыруға және мемлекетке қарсы қылмыстық агрессияға қатысу үшін Ресей азаматтарын мобилизациялауды күшейту үшін жасалып жатқан болуы мүмкін деп қауіптенетінін мәлімдеді.

Америкалық шенеуніктер Украинаның қатыстылығы бар деген негізсіз мәлімдемелерге алаңдаушылық білдіріп, Киевті шабуыл жасады деп айыптау арқылы Мәскеу қақтығысты шиеленістіруге немесе ресейлікт әскерге шақырылушыларды көптеп майдан желісіне тартуы мүмкін деп топшылауда.

Америкалық барлау қызметі наурыз айында Ауғанстанда орналасқан «Ислам мемлекеті-Хорасан» тобының «ИМ-Х» деп аталатын филиалы Мәскеуде шабуыл жасауды жоспарлап отырғанын анықтады, деп жазады The Telegraph ресми тұлғаларға сілтеме жасай отырып.

Добавить комментарий