Ұлыбритания Премьер-Министрі мен БҰҰ Бас хатшысы Мариуполь бойынша гуманитарлық мәселелерді талқылады

Ұлыбритания Премьер-министрі Борис Джонсон мен БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш телефон арқылы сөйлесіп, Мариуполь халқына көмек көрсету мәселелесін талқылады.

Бұған дейін 2022 жылғы 26 сәуірде Антониу Гутерриш Мәскеуге сапармен келуді жоспарлап отырғаны хабарланған болатын. Ол алдағы кездесуде Мәскеу басшылығымен атысты тоқтату үшін ықтимал қадамдар мәселесін көтеруді көздеп отыр.

«Олар Мариуполь мен Херсон сияқты Ресей күштері қоршап алған аудандардағы қатысты алаңдаушылықты және атысты тоқтатуға қол жеткізу, гуманитарлық күш-жігерді қолдау және бейбіт тұрғындарды эвакуациялау мүмкіндігін қамтамасыз ету қажеттігін талқылады. Премьер-министр Украина мәселесі бойынша жаһандық ынтымақтастықтың қажеттілігі туралы мәлімдеп, Біріккен Корольдік Украинаға өз аумағын қорғауға көмектесіп, халықаралық серіктестермен тығыз ынтымақтастықты жалғастыратынын атап өтті», — делінген Джонсон кеңсесі жариялаған құжатта.

Добавить комментарий