Ұлыбритания Премьер-Министрі Байден және Макронмен кездесуді жоспарлауда

Ұлыбритания премьер-министрі Лиз Трасс алдағы демалыс күндері Франция және АҚШ президенттерімен кездесуді жоспарлап отырғанын мәлімдеді.

Бұл туралы The Times газеті британдық үкіметтегі дереккөзіне сілтеме жасап хабарлады.

Басылымның мәліметінше, 19 қыркүйекте өтетін Елизавета II-нің жерлеу рәсімі қарсаңында министрлер кабинетінің басшысы Аустралия және Канада премьер-министрлері Энтони Альбанезе және Джастин Трюдомен кездеседі.

Аталған саясаткерлердің барлығы патшайыммен қоштасу рәсіміне келеді. Кездесулер баспасөз конференциясынсыз екіжақты форматта өтеді. Кездесуде қандай тақырып қозғалатыны хабарланбады.

Бұған дейін Лиз Трасс патшайым II Елизаветаның қайтыс болуына байланысты ұлттық аза тұту кезінде патшалық турда король Карл III-мен бірге жүретіні белгілі болды.

Добавить комментарий